Пятница, 17 Апрель 2015 14:06

«Абылай хан» атындағы колледжі мекемесінде Сапа менеджмент жүйесі қалай енгізілді

«Абылай хан» атындағы колледжі мекемесінде

Сапа менеджмент жүйесі қалай енгізілді

«Инновациялық сапа орталығы» ЖШС ұжымы «Абылай хан» атындағы колледжі мекемесінің ұжымын Сапа  менеджменті  жүйесін табысты енгізілуімен құттықтап, оларға  оқу процесстерінің, тәрбие жұмыстарының  және де жүйеде қамтылған басқа да процесстердің тиімді атқарылып, ұжымның   таңдаған бағытта табысты болуына тілектестігін білдіреді.

Әрине, Сапа менеджменті жүйесін жасау, енгізу, оны серттеуден өткізу үлкен жұмыс.

Осы жүйе қалай жасалды? Бұл жүйе ұжымға не алып келеді? Міне осы сияқты көптеген сұрақтар туады. Алдымен ұжым директоры өзінің бұйрығымен жұмыстық топ құрды, ішкі аудиторлардың құрамын анықтады, басшылық өкілі етіп өзін тағайындады.

Кеңесшілер жұмыстық топты, аудиторларды оқытып, үйреткен соң  күнделікті  Сапа менеджменті жүйесін жасау жұмыстары жүріп жатты. Осындай кезеңдерде әр қызметкер, оқытушы өзінің атқарып келген жұмыстарына жете талдау жасап, кеңесшілер ұсынған үлгіде өз процесстерін жасап, сипаттап жатты. Осы жүйені жасау  кезеңінде  кеңесшілермен біте қайнасып, өзара істейтін жұмыстарын келістіріп, тәртіпке келтіріп, бір арнаға, бір жүйеге салды. Олардың санасында атқарылып келген істердің ауқымы артты, жауапкершілік үдеді.

Жұмыс жақсы атқарылса, жемісі де болады. Жүйе саласында абитуриенттердің, ата-аналардың, оқытушылардың сауалнамаларын зерттеп, жинақтауға негізделген объективті шешім қабылдау қарастырылған. Жүйені енгізу колледждің тұтынушы алдында тартымдылығын көтереді деген сенімдеміз.